Қазақстан биыл Қытайға 270 миллион долларға газ сатты

Dalanews 27 мам. 2022 02:38 194

Биыл қаңтар-сәуір айларында Қазақстан Қытайға 270 миллион долларға газ сатты. Бұл туралы Neftegaz.ru қытай кеденіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

2021 жылдың алғашқы төрт айымен салыстырғанда биыл Өзбекстан Қытайға екі есе көп газ сатқан.

Қытайға газ жеткізетін елдер арасында Түркіменстан бірінші орында тұр. Бұл ел жыл басынан бері Қытайға $2,87 млрд газ сатқан. Екінші орында — Ресей (1,04 млрд доллар), үшкінші орында — Мьянма (408 млн доллар). Қазақстан төртінші орында (270 млн доллар) тұр.

Ал Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметінше, Қытайға биыл 229,5 млн долларға газ экспорттаған.  Өткен жылғы көрсеткіштен 2,7 есе көп.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x