«Халықты күштеп депортация жасауда». Зеленский окупанттар Украин қалаларын елсіз, қирандыға айналдырғанын айтты

Dalanews 27 мам. 2022 01:33 252

Украиана президенті Владимир Зеленский орыс окупанттарының Донбасқа үздіксіз жасаған шабуылнан кейін аталған өңір елсіз мекенге айналуы мүмкін екенін алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Зеленский Ресей әскерінің қарқынды әскери шабуылынан кейін Луганск қаласы мен Донбас облысының Бахмут, Лиман, Лисичанск, Северодонецк, Волновах, Мариуполь қалаларын елсіз қиранды қалаларға айналғанын айтты.

– Ресей шекарасына жақын орналасқан Донецск пен Луганск қалаларындағы бейбіт тұрғындардың әскер қатарына тартса, қалғанын зорлықпен депортация жасап жатыр. Ал оларға көнбеген халықтың көзін жойып жатқанын білеміз. Осылайша Ресей Украина халқына қарсы геноцидтік саясат жүргізуде, – деді Зеленский.


Сонымен қатар Украина президенті Ресей әскері Харьков пен Сумск және Запорожск облысын көздеп, қайтадан атқылай бастағанын алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x