Орыс олигархтарының бұғатталған активтері 10 млрд еуроға жетті

Dalanews 26 мам. 2022 06:34 280

Украинада соғыс басталғалы бері ЕуроОдақ Ресей олигархтарының кәрі құрылықтағы құны 10 млрд еуро болатын дүние-мүлкін бұғаттап тастаған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Бүгінде Батыс елдерінде орыс байшыкештерін сарайлары мен яхталарынан иелік ету құқығынан айыру ісі қарқынды жүргізуде.

ЕуроОдақ мұнымен шектелемей орыс олигархтарына санкция жариялап, олардың Еуропаға келуіне тосқауыл қойғаны белгілі.

Науырыз айында ЕуроОдақ жанынан Путиннің Украинаға қарсы агрессиясиялық саясатын қолдайтын олигархтардың дүние-мүлкін анықтап, бұғаттайтын арнайы бөлім құрылған-ды. Қазіргі таңда аталмыш бөлім ЕуроОдақтың өзге елдерімен байланыс орнатып, орыс байларының ізіне түскен.  


Арнайы бөлімінің қарқынды жұмыс істеуінің арқасында сәуір айының ортасынан дейін ЕуроОдақ аумағындағы Ресейдің құны 35 млрд еуро болатын активі бұғатталған-ды. Оның 10 млрд еуросы жекелеген олигархтардың активтері екенін айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x