АҚШ Украина жерін миналардан тазартатын 10 команда жасақтауға қаржы бөлді

Dalanews 26 мам. 2022 02:04 262

АҚШ Украиана жерін окупанттардың жасырған минасы мен жарылмаған бомбаларын залалсыздандыру үшін 4 млн доллар көмек беретінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кремль Украианаға қарсы соғыс ашқалы төтенше жағдайлар қызметі 97,5 мыңнан астап мина мен түрі жарылғыш заттарды тауып, залалсыздандырған. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.

Осы ретте АҚШ бұл іске 4 млн доллар бөліп отыр. Бұл қаржыға орыс әскерінен азат етілген жерлерді мина мен жарылғыш заттардан залалсыздандыратын 10 команда құрылып, іске кірісетін болды.


– АҚШ окупанттардан азат етілген жерлерді жылығыш заттардан тазарту ісіне өз үлесін қосуға дайын. Өйткені мина мен жарылмаған заттардан үйлеріне оралған қарапайым халық зардап шекпеуі тиіс, – деді АҚШ-тың дипломатиялық өкілдері.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x