«Бізге қару керек!». Зеленский украин сарбаздары Донбаста өзінен 20 есе артық әскермен соғысып жатқанын айтты

Dalanews 24 мам. 2022 01:21 314

Украина президенті Владимир Зеленский Швейцария Давос қаласында өтіп жатқан форумда онлайн режимде сөз сөйлеп, Донбаста украин сарбаздары өздерімен салысытрғанда 20 есе артық Ресей әскерімен кескілескен ұрыс жүргізіп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ол соғыс кезінде бейбіт тұрғындардың қаза тапқанын қаламайтынын айта келе, сондықтан Батыс елдерінен заманауи қару-жарақ сұрауға мәжбүр болып отырғанын алға тартты.

– Меніңше, біздің әскерде заманауи қару-жарақ болса, окупанттарға барынша қысым көрсететіне сенімдмін. Сол себепті әріптестерімізге қарау-жарақты тездетіп жеткізуді өтінеміз. Бейбіт тұрғындардың амандығы үшін бізге күшті, әрі жаңа қарау керек. Бүгінде бізге әскери техникалар жетпей жатыр, – деп Давос форумына жиналған қауымға үн қатты.


Өз сөзінде Зленский Украианаға қашықтан ұрыс жүргізуге қолайды заманауи қару керек екенін тілге тиек етті.

– Бүгінде біздің әскеріміз Харьков бағытында табысты әрекет етуде. Жау әскерінен қаламызды азат еттік. Бірақ кескілескен ұрыс Донбас бағытында жүріп жатқанын әріптестерімізге бірнеше қайталап айтудамын. Тағыда қайталап айтамын, мыңдаған адамның өмірін сақтап қалу үшін бізге заманауи қару керек, – деді Валдимир Зеленский.

 

https://dalanews.kz/ekonomika/77090-timur-turlov-europalyq-biznes-qogamd

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x