Ел азаматтары референдумға белсене қатысады

Dalanews 23 мам. 2022 11:50 206

Бүгін М.С. Нәрікбаев атындағы КазМЗУ университеті базасында ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының бастамасымен референдумды қолдау жөніндегі республикалық штаб мүшелерінің заң факультеттерінің студенттері мен профессорлық-оқытушылар құрамымен кезекті кездесуі өтті.

Отырыс қатысушылары ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мүшелері: «Тұран-Астана» университетінің ректоры, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Гүлжамал Жапарова, Еуразия гуманитарлық институты ректорының міндетін атқарушы Амангелді Исмаилов, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов, КазМЗУ заң факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы елімізде референдум 1995 жылдан бері өткізілмегенін атап өтіп, осы жолғы Конституциялық жобадағы үлкен өзгерістерді, оның ішінде  суперпрезиденттік басқару нысанынан классикалық түрдегі президенттік басқару жүйесіне көшу тәрізді маңызды мәселелерді өзара талқылады.

Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов өз сөзінде алдағы референдумның және Конституцияға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығын қоғамда, оның ішінде еңбек ұжымдары ашық пікір алмасу нысанында түсіндіру жұмыстары жүргізілуінің маңыздылығын атап өтті.

«Азаматтар мемлекеттік билікті атқаруға қатысуға беріліп отырған  мүмкіндіктерді, өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында беріліп отырған мүмкіндіктердің мәнін терең түсіне отырып, референдумға белсене қатысады деп ойлаймын», - деді ол.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x