Халықтың газға қолжетімділігі бойынша Қазақстан бірінші орында

Dalanews 23 мам. 2022 04:28 244

Дүниежүзінде халықтың газға қолжетімділігі рейтингісі бойынша Қазақстан бірінші орында, ал Ресей екінші орында тұр, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Халық үшін газдың қолжетімділігі бойынша елдердің рейтингін РИА Рейтинг сарапшылары дайындады.

– Халық үшін газдың қолжетімділігі бойынша бірінші орынды Қазақстан иеленді, оның орташа статистикалық тұрғыны орташа айлық жалақысына 8,6 мың текше метр газ сатып ала алады. Мұнда жалақы салыстырмалы түрде төмен, бірақ газ бағасы рейтингке қатысатын барлық елдердің ішіндегі ең арзаны. Екінші орынды Ресей 7,4 мың текше метрден алды – делінген хабарламада.


Сондай-ақ, алғашқы бестікке Ұлыбритания, Люксембург және Аустрия кірді. Бұл елдердің азаматтары 3,9 мың текше метрден астам газ сатып ала алады.

Ең аз газды Молдова тұрғындары сатып ала алады: орташа жалақы үшін – 858 текше метр. Бұл Қазақстаннан он есе аз. Молдовадан басқа, Болгария, Греция, Румыния және Босния мен Герцеговина да бар. Бұл елдердің тұрғындары айына 1,4 мың текше метрден аз газ сатып ала алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x