Түркімен газы Қазақстанға экспортталатын болды

Dalanews 22 мам. 2022 13:29 190

Қазақстан Үкіметі төрағасының  орынбасары, министр Роман Скляр Түркіменстанға жасаған жұмыс сапарында түркімен газын Қазақстанға экспорттау турасындағы келсімге қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Скляр Ашхабатта Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесіп, тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени байланыстарды жандандыру мәселесін сөз еткен. Осы кездесуде түркімен газын Қазақстанға экспорттау мәселесіне қол жеткізілген.

Бұдан басқа Скляр кездесу барысында Қазақстан Түркіменстандағы бидай экспортын қамтамасыз ететін терминал салуға уағдаласқанын айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x