«Түркиядан қашан үлгі аламыз?». Мұнайға бай болсақ та, мұнайды сақтайтын амбарымыз жоқ

Dalanews 20 мам. 2022 13:41 184

Бауырлас Түркиядан көптеген дүниелерді үйренуге болады. Айталық, Түркияда алтын кеніштері атымен жоқ. Бірақ түріктің алтыны әлемге танымал. Бүгінде Түркия зергерлік бұйымдарды шығаруда көшбасшы елдердің бірі. Бұл үшін алтын кеніштің қажет де жоқ.

Сол сияқты Түркия жерінде анау айтқандай мұнайдың мол қоры жоқ. Бірақ Түркияда Теңіз табанында мұнай-газ кеніштерін баралап-бұрғылайтын алпауыт қондырғылар бар бірден бір – мемлекет.

Бүгін түрік ағайындар дәл осындай қондырғының төртіншісін іске қосты. Әне, дамыған елдерді экономикасын әртараптандыру үшін осылай әрекетке барып жатыр.

Біздер ғой, теңізге «шыға алмаймыз, анау-мынау» деген әңгімені 30 жыл бойы естіп келдік. Ел мүддесі үшін қызмет ететін басшы болса біз теңізге шыға алмаймыз деп қарап отырмайды. Теңіз жағасындағы елдермен одақтасып, тұтастай флот құрып тастауына болады.


Білесіз бе, Қазақстан мұнайға бай ел болса да мол мұнайды сақтайтын ірі амбары жоқ ел. 30 жылда қазақтың мұнайын бауырына басқан Құлыбаевтар амбар салып басын ауыртпады.

Дамыған елдер мұнайдың бағасы құлдыраған кезде амбарларын мұнайға толтырып алып, баға көтерілгенде қайта сатып, мұнайға бай елден артық пайда табады.

Ал біз болсақ, мұнайға бай болсақ та қара алтынды сақтайтын бір амбарымыз жоқ. Мұнайды қойыңызшы, біздің елде пияз бен картопты сақтайтын қоймалардың өзі тапшы емес пе? Мұндай жағдайда амбарды айтып, жұрттың басын ауыртпай-ақ қоялық.

Көк-өніс сақтайтын жібі түзі қойма болмағаннан кейін көктемде пияз бен сәбіздің бағасы шарықтап кетуі біз үшін қалыпты дүниеге айналғаны қашан.

Енді негізгі әңгімемізге қайта оралсақ, күні кеше ғана бауырлас Түркия елі теңіз табанында мұнай-газ қорын барлап-бұрғылайтын алып қондырғысын суға түсірді.

Түркияда дәл осындай төрт қондырғы бар. Олар – «Фатих» (Fatih), «Кануни» (Kanuni ) және «Явуз» (Yavuz) деп аталады. Мұнай-газ саласына барлау-бұрғылау пайдалы кәсіп болғаннан кейін ресми Анкара төртінші платформасын суға түсіріп, үлкен қуанышқа кенелді.   


Бүгінде Түркия «біздің ата-бабаларымыз жарты әлемді жауалап алған» деп кеуде керіп мақтанбайды. Қазір Түркия «Байрақтарымен», оқ өтпейтін әскери киімдер шығаратын өндірісімен, мұнай-газ қорын барлап-бұрғылайтын қондырғыларымен мақтанады.

Түркияның мемлекеттік мұнай компаниясы бас директоры жаңа Мелих Білгін барлау-бұрғылау кемелірінің соңғы жетінші буынына жататын жаңа қондырғының ұсындығы 238 метр, ені 42 метір екенін алға тартты.

– Жаңа қондырғыда 200 адам еңбек етіп, теңіз табанынан 12 200 метрге дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізе алады. Дүниежүзінде мұндай барлау-бұрғылау кемелерінің саны 4-5 ғана. Алдағы уақытта біздер осы кемелер арқылы мұнайлы елдерге қызмет көрсетіп, түрік экономикасын дамытуға өз үлесмізді қосамыз, – деді Мелих Білгін.  


Мұнайы жоқ болса да мұнай өндіру технологиясын жетік меңгерген Түркияға сәттілік тілейміз. Кім біледі?  Жаңа Қазақстанды сәтті құрсақ, біз де мұнай сақтайтын амбар салып, мұхиттарда көк байрағымызды желбіретіп, мұнай таситын танкерлеріміз жүзіп жүрер. Құдай қазақты соған жеткізсін.

Нұрлан Жұмахан

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x