Тарихы терең – ҚазҰУ қалашығы

Dalanews 20 мам. 2022 12:59 106

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бұл мектеп бітіруші әрбір түлектің, білім нәрімен сусындаймын деген әрбір жастың білім алғысы келетін Қазақстандағы беделді оқу орындарының бірі әрі бірегейі болып табылады.

ҚазҰУ керегесі қаланғалы, бүгінгі күнге дейін университет көпұлтты Қазақстан экономикасының, саяси және құқықтық өмірінің, мәдениетінің, ғылымы мен білімінің қалыптасуы мен дамуына зор үлесін қосты әліде қосып келе жатыр деп айта аламыз. Еліміздегі атаулы барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегіне айнала білді. Университетіміз құрылды және осы күнге дейін ғылыми-зерттеу жұмысының басты орталықтарының бірі, жоғары білікті мамандардың ең ірі шыңы болып қала бермек. ҚазҰУ-дың профессорлық-оқытушылық құрамында 2500-ден астам адам бар, олардың ішінде 400 ғылым докторы, профессорлар және 800-ден астам ғылым кандидаттары, доценттер, 200 отандық және шетелдік философия докторлары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті бакалавриат, магистратура және докторантураның 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, техникалық мамандықтарының кең спектрін ұсынады.


Бүгінгі күнде айналамызда көптеген жоғарғы оқу орындары жалынды, жігерлі, талапты жастарға әр саладағы мамандықтар бойынша білім беріп жатыр. Солардың ішінде ең үздік білім беру ошақтарының бірі, әрі бірегейі - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті деп санаймыз. Осы ҚазҰУ қалашығы деп аталатын құтты мекенде талапкерлердің білім алуына барлық мүмкіндік жасалынған. Ө.Жолдасбеков атындағы 1600 орындық студенттер сарайы, спорткешені мен стадион, жаңа ғимараттар, әскери кафедра, технопарк, 5000 студентке арналған студенттер үйі, медициналық орталық және студенттерге қызмет ету орталығы студенттер игілігі үшін қызмет жасап отыр. Сонымен қатар, ТМД елдеріндегі жалғыз үлкен ауқымды «әл-Фараби» кітапханасы орналасқан. Кітапхана сабақ оқуға өте жайлы, көпшілік студенттерге, және маған да ол жерде уақыт өткізген ұнайды,  сабақ оқимыз, оқу залында бір топта, бір факультетте оқитын достарымызбен сөйлесіп, пікір алмасып, бір-бірімізге сабаққа көмектесеміз,  жоғарғы қабатында  конференция залында тағылымды тұлғалармен кездесулер жиі болып тұрады.

Тағы айта кететін  жайт, ҚазҰУ қалашығы орналасу жағынан ыңғайлы болуы, білім беру жағының жоғары деңгейі, сондай-ақ жайлы, жылы студенттер үйі мен  қызықты студенттік өмір.


Сондай-ақ, студенттердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары комитеті жұмыс істейді. Оның құрамына «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, студенттер Сенаты, «Көмек» еріктілер қозғалысы, студенттер кеңесі, Болон үдерісі бо йынша студенттік бюро, студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей аталған жастардың қатысуымен өтеді. Ерекше атап өту керек тағы бір жағдай, аталған жас тар биылғы жылы дәстүрге айналған IV Халықаралық студенттер форумын ойдағыдай ұйымдастырды.

Ғылыммен айналысқысы келетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырылып тұрады. Инновациялық жобаларға құштар, заман ағымынан қалмауға тырысатын студенттер үшін әр факультетте бизнес-инкубаторлар, университетте технопарк қызмет етеді.

Бүгінде ҚазҰУ заманауи кеңсе жабдықтарымен жабдықталған. Университеттің үлкен аудиторияларында сабақтар интерактивті тақталарды қолдана отырып өткізіледі. Компьютерлік сыныптардың саны әр студентке, аспирантқа заманауи ақпараттық технологияларды игеруге мүмкіндік береді. Бүгінде барлық факультеттер, әрбір құрылымдық бөлімше және университет жатақханасы ғаламдық Интернет желісіне қосылған. Осы оқу жылынан бастап университеттің оқу корпустарында, жатақханаларында және кампустың қалған аумағында WI-FI Интернетке сымсыз қатынау желісі жұмыс істейді. Өткен жылы қалада ТМД университеттері арасында теңдесі жоқ 300 орындық ең ірі интернет-кафе ашылды.

ҚазҰУ қалашығы, әр мектептің қаймақтарының басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың мекені, ҚазҰУ – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін мекен. Сол себепті де, ҚазҰУ қалашығында жүрген әр студенттің өміріндегі ең үлкен сәттілік деп санаймын.

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенті атану – асқақ арман, зор мәртебе және үлкен бақыт.

Қайырғазықызы Әсел,


Халықаралық қатынастар факультетінің 1 курс студенті 


Тәлімгері Актуреева Эльмира


 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x