Мәсімов пен Шымкенттің экс-әкімінің арасында қандай байланыс бар?

Dalanews 20 мам. 2022 12:34 121

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «рейдерлік» бабы бойынша іс қозғалды, – деп хабарлайды Орда.кз сайты.

Бұл туралы «Kozachkov offside» telegram-арнасы хабарлайды.

«Кәрім Мәсімов пен Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «рейдерлік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды» делінген хабарламада.

Осыдан кейін Самал Ибраева telegram-арнасы Әбдірахымовтың өзіне қарсы қозғалған қылмыстық іс туралы ақпаратты жоққа шығаратынын айтты.

«Біз Ғабидолла Әбдірахымовпен тікелей байланысқа шықтық. Ол қазір жаппай таралып жатқан «Рейдерлік» бойынша қылмыстық іс туралы ақпаратты жоққа шығаруда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген хабарламада.

Әзірге ешқандай ресми мәлімдеме жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x