Түркия ұшқышсыз ұшатын ұшақтардың қозғалтқышын шығаруды бастады

Dalanews 19 мам. 2022 13:55 258

Түркия ұшқышсыз ұшатын әскери жойғыш ұшақтың қозғалтқышын өнідірістік деңгейде шығаруды қолға алды. Бұл жайында Анадолы ақпарат агенттігіне TUSAŞ өндірістің компаниясының бас директоры, профессор Мұрат Фарук Ақшит хабарлаған.  

Өздігінен ұшатын ұшаққа қолданатын TEI-PD170 деп аталатын қозғалтқышының өндірісі Ескішехир қаласында орналасқан.

Мамандардың айтуынша, TEI-PD170 қозғалтқышы ұшақтарды көкке көтеруде, жанармайды үнемдеп өзінің тиімділігін көрсеткен. Жаңа қозғалтқышты TUSAŞ компаниясының мамандары құрастырып шығарды. Түрік инженерлерінің таза өнімі.

Өз кезегінде Мұрат Ақшит жаңа қозғалтшықтар Anka және Aksungur ұшқышсыз ұшатын ұшақтарына орнатылатынын айтты. Бұл қозғалтқышты түрік инженерлері осыдан 2 жыл бұрын дайындаған-ды. Енді қозғалтқышты өндірістік деңгейде шығаруға қол жеткізіп отыр.


О баста 13 қозғалтықыш құрастырылып, сынақтан сәтті өткеннен кейін, тағы 40 данасы құрастырылған болатын. Енді жаңа қозғалтқыш өндірістік деңгейде шығарылады.

Осы ретте жаңа қозғалтұыштар Bayraktar TB3 ұшағына да қолданылатынын айта кетуіміз керек. Өз кезегінде Baykar компаниясының жетекшісі Сельчук Байрактар «Жаңа қозғалтқышты Bayraktar TB3 ұшағына салуды асыға күтіп отырмыз. Енді ұшақ құрастырғанда оның қозғалтқышын сырт елдерден сатып алмайтын болдық» деп жазды Twitter парақшасына.

Мұрат Ақшит TEI-PD170 қозғалтқышы сынақтан сәтті өткеннен кейін барынша жетілдіріліп, бастапқы кезеңнен 10 келіге жеңілдегінен атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x