Ұлыбритания Путиннің туыстары мен Кабаеваға санкция салды

Dalanews 15 мам. 2022 08:38 251

Ұлыбритания билігі Путиннің нақсүйері Алина Кабаеваны және оның 11 туысқанын, Ресей президентіне жақын бірнеше адамды санкция салынған тұлғалардың тізіміне қосты.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиз Трасс санкция салынған тұлғалар Путиннің бақуатты өмір сүруін қамтамасыз етуге тікелей атсалысқанын алға тартты.

Ресми деректерге назар аударсақ, Путиннің атына жазылған активтердің мардымсыз екенін байқауға болады. Бірақ оның бақуатты өмір сүруін басқа адамдар қаржыландырып келгені анық.

Егер ресми деректерге назар аударсақ, Путинге Петербургтегі шағын пәтер мен 1950 жылы шыққан ескі көлік пен шағын гараж ғана тиесілі екенін байқауға болады.

– Біздер Путиннің бақуатты өмір сүруіне жағдай жасап отырған тұлғаларды анықтап, оларға санкция салуды тоқтатпаймыз. Бұдан басқа Путиннің Украинаға қатысты агерссиясына қатысы бар адамдар жазадан тыс қалмайды, – деді Лиз Трасс.


Шынменде бұл жолы ағылшындар Кабаеваны былай қойғанда оның әжесі Анна Зацеплинаға дейін санкция салған.

Ал Путиннің ет жақын туыстарынан бұрынғы әйелі Людмила, Роман және Игорь Путин, Михаил Шеломов, Михаил Путин, Александр Плехов, Михаил Клишин, Владимир Колбин, Юрий Шамалов, Виктор Хмарин санкцияның құрығына іліккен.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x