Ердоған Түркиядағы 58-ші әуежайды ашты

Dalanews 14 мам. 2022 16:02 981

Бүгін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ризе қаласындағы жаңа халықаралық әуежайды ашты. Бұл Түркиядағы 58-ші әуежай екенін естеріңізге саламыз.  

Әуежайындың ашылуында сөз сөйлеген Түркия президенті Ердоған Қара теңіз жағлауына салынған нысан Түркия мен Қара теңіз жағалуы елдері үшін маңызды оқиға екенін атап өтті.

5 жыл бойы салынған әуежай Түркияның солтүстік-шығысы мен көршілес Грузияның да транспорттық мүмкіндігін кеңейте түсетіні анық.

Өз кезегінде Ердоған өзін қолдайтын Әділет және даму партиясы билікке келген күннен бастап Түркияда әуежайлардың саны 26-дан 58-ге ұлғайғанын тілге тиек етті.


Ризе қаласындағы әуежайды салу үшін мемлекет 4,4 млрд лира жұмсаған. Пазар ауданында орналасқан әуежайдың жалпы аумағы 3 млн шаршы метрді құрайды. Нысан Ризе қаласынан 34 шақырым, Хоп қаласынан 54 шақырым, Артвин қаласынан 125 шақырым қашықтықта орналасқан.

Қара теңіз үстіне салынған әуежайды ұзындығы 45 шақырым, ені 3 шақырымды құрайды. Бүгінде әлемде теңіз үстіне салынған 5 әуежай бар. Оның екеуі Түркияда орналасқан. Әуежай жылына 3 миллион жолаушыға қызмет көрсететін мүмкіндікке ие.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар