«Ауылына кетіп қалған». Қаңтар оқиғасы кезінде полиция басшысы әрекетсіздік танытқан

Dalanews 14 мам. 2022 03:36 313

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы күдікке ілінді. Генерал Серік Күдебаев Қаңтар оқиғасына қатысы бар деген негізбен күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокуратура «Закон.кз» ақпарат агенттігінің арнайы сауалына берген жауабынан мәлім болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қадағалаушы органның дерегіне сүйенсек, экс басшыға ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік деген айып тағылуы мүмкін.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. Ал 26-қаңтарда қызметінен кетіп, артынша ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған болатын.

Жуырда облыс әкімі Қанат Бозымбаев бір сұхбатында күтпеген ақпарат айтты. Жаппай тәртіпсіздік кезінде Күдебаевтің ауылына кетіп қалғанын, жағдайды бақылауда ұстай алмағанын жеткізді.


Енді генералға қатысты істің ақ-қарасын құзырлы орган ажыратады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x