Солтүстік Корея ковид енді жетті

Dalanews 12 мам. 2022 12:13 260

Солтүстік Корея билігі 2020 жылы бүкіл әлем пандемияның құрсауында қалып, шуалап жатқанда COVID-19 жайында ләм-лим деп тіс жармаған еді. Бүгін Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі коронавирус инфекциясы жайында алғаш рет хабар тартты.

КХДР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Ким Чен Ын әлемді жаулаған ковид Солтүстік Кореяға да ауыз салғанын айтып, жалпыхалықтық карантин жариялады.

Ким Чен Ынның халыққа жасаған үндеуінде «партиялық, әкімшілік, шаруашылық мекемелері, қауіпсіздік қызметі, қарулы күштердің бәрі Ұлттық карантиндік төтенше жағдай басқармасының бұйрықтарын бұлжытпай орындау керек» деп бұйрық бергені мәлім болды.

The New York Times басылымының тартқан мәліметіше, ел астанасы Пхеньянада коронавирустың аса жұқпалы «Омикрон» штамының жаңа түрі таралып жатса керек. Әзірше КХДР билігі қауіпті індетті қанша адамның жұқтырғанын ашып айтқан жоқ.


Солтсүтік Корея дүниежүзі бойынша COVID-19 вирусына қарсы егу жұмыстарын жүргізбеген бірден бір ел екенін ескерсек, жағдайдың тым ауыр екенін бағамдауға болады. Ал билік болса мұны жасыратыны анық.

2020 жылы Солтүстік Корея Қытаймен арадағы шекарасын жауып, ел аумағында ковидтің мүлде тіркелмегенін айтқан еді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x