MEGA Silk Way Түркия, Грузия және Бурабайға жолдама ойнатты

Dalanews 12 мам. 2022 10:27 291

Өткен демалыс күндері елорданың ірі сауда орталығы MEGA Silk Way-да жолдамалар ұтыс ойыны өтті. Мыңнан озған сегіз жеңімпаз Түркия, Грузия мен Бурабайға демалысқа барады.

Акция MEGA Silk Way СОО-ның бес жылдығына орай 4-30 сәуір аралығында ұйымдастырылса, ал ұтыс ойыны 7 мамырға белгіленді. Науқанға кез-келген адам қатыса алды, ол үшін сауда орталығының дүкендерінде жалпы сомасы 40 мың теңгеге сауда жасау, промостөлге келіп, чектерді тіркеу және ұтыс ойыны іс-шарасына келу керек болатын.

Акцияға 3 000-ға жуық адам қатысты.



Екі адамға арналған Rixos Borovoe-да өтетін 3 күндік демалыс жолдамасын Әмір Мекен ұтып алды.

– Мен аздап қобалжып тұрмын, өйткені жеңіске жетемін деген ойыма да келмеген еді, – дейді  Әмір. - Акция туралы маған Under Armour бутигінде айтты, онда мен спорттық костюм сатып алған едім. Мен бірден промостөлге барып купонды толтырдым және жүлде ұтамын дегенге сенбесем де, ұтыс ойынына келуді жөн көрдім. Жолым болғанына қуаныштымын.  


Rixos Borovoe-да 5 күн демалуға мүмкіндік беретін екінші жолдама Аян есімді қызына электр самокат сатып алған Ержан Тоқбергеновке бұйырды.

– Сәуір айында қызыма электр самокат сатып алдық, және ол мені осы акцияға қатысуға көндірді және бүгінгі іс-шараға келуге де ат салысты. Ол: «Әке, ұтыс ойынына қатысу міндетті, оны өткізуге болмайды», - деді. Енді мен оны Бурабайға демалысқа апарамын, – деп Ержан ойымен бөлісті.


Түркиядағы Rixos қонақ үйінде өтетін екі адамға 5 күндік демалыс жолдамасын Салтанат Өксікбаева иеленді.

– Менің 3 балам бар, олар демалыс күндері әрқашан «Мегаға» барамыз деп сұранады. Сауда орталығында отбасымызбен көп уақыт өткіземіз және  сатып алулар жасаймыз, сондықтан біз бірнеше купон толтырып, акцияға қатыстық. Біз жеңіске жетуді қатты қаладық. Осындай керемет акция ұйымдастырған MEGA Silk Way компаниясына ризашылығымды білдіргім келеді, – деп атап өтті Салтанат.


5 күнге созылатын екі адамға Грузияға саяхат құру жолдамасын MEGA Silk Way-ге жиі келетін Тимур Таласпаев жеңіп алды.

– Әйелім екеуміз әкемізге сыйлық сатып алдық. Лейла СОО-да жарнамалық баннерді көріп, бағымызды сынайық деген мақсатпен деп купон толтырамыз деп шештік. Нәтижесінде MEGA Silk Way мен Apelsin Tour ұсынған осындай керемет сыйлықтың иесі атандық, – деді Тимур.


MEGA Silk Way әртүрлі акциялар мен іс-шараларды үнемі өткізіп тұрады, олар туралы әлеуметтік желідегі СОО-ның ресми аккаунттарынан біле аласыз.

https://www.youtube.com/watch?v=V0F6wDII-Q0

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x