Түркістан облысы кәсіпкерлікті дамытуда оқ бойы озық келеді

Dalanews 11 мам. 2022 14:58 224

Түркістан облысы кәсіпкерліктің саны бойынша елімізде алдыңғы қатарда. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, олардың саны 147 мыңнан асты. Пандемияға қарамастан соңғы былтыр жалпы кәсіпкерліктің саны 6,8 мыңға артқан. Өндірілген өнім көлемі 47%-ға ұлғайып, 1,2 трлн теңгеге жетіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қорытындысымен шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 26% құрап, алдағы төрт жылдық көрсеткіш асыра орындалды. «Қарапайым заттар экономикасы» арқылы бүгінгі күнге

42,9 млрд теңгеге 315 жоба қаржыланып, ,ағдарламаны жүзеге асыру бойынша Түркістан облысы алдыңғы қатарда. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы да белсенді орындалуда. Бағдарлама бюджеті биыл 43%-ға артып 11,6 млрд теңгеге жетіп отыр. Қазіргі таңда несиелеу жұмыстары басталды.

2022 жылға бюджеттен бөлінген қаражат шеңберінде несиелерді субсидиялау арқылы кәсіпкерлерге жеңілдетілген 6%-бен 40 млрд теңгеге несие беру мүмкіндігі бар. Жеңілдетілген несиелерді кәсіпкерлерге барынша бағыттау үшін аудан және қала әкімдіктерімен жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен жергілікті деңгейде бірқатар жобалар іске қосылып, сәтті жүзеге асырылуда. Ірі кәсіпкерлердің көмегімен микробизнесті, стартаптарды қолдау мақсатында өңірде «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бастау алған болатын. Жобаның арқасында 16 стартап жобаларға менторлар қолдау көрсетті. Жоба жалғасын табады.


«Бастау Бизнес» түлектерін қаржыландыру мақсатында «Атамекен – Түркістан» микроқаржы ұйымы құрылған болатын. «Бастау Бизнес» түлектері бүгінгі таңға 1,4 млрд теңгеге несиеленді, қосымша 1,1 млрд теңгеге несиелеу жалғасуда.

Сондай-ақ6 «Керуен Сарай» және «Эко Базар» саудагерлеріне арналған «Yassy Business» бағдарламасы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 180 млн теңгеге 10 жоба қаралуда. Бағдарламаның жалпы қаржысы 1 млрд теңге, 330 млн теңге жергілікті бюджет, 670 млн теңге Даму қорының қаржысы. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлерге 25 млн. теңгеге дейін 7 жылға 4%-бен несиелер беріледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x