«Алтын белгіні» алу қатаңдатылды!». Былтыр төсбелгі иегерлерінің біразы ҰБТ-да төмен балл алған

Dalanews 11 мам. 2022 06:29 449

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзінің Телеграмм каналында , «Алтын белгі» төсбелгіні алу ережелеріне өзгерістер енгізу туралы бұйрыққа қол қойғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Министір жаңа бұйрықта «Алтын белгі» төсбелгісін алу талаптары айтарлықтай күшейтілгенін алға тартыпты.

– Естеріңізге сала кетейін, «Алтын белгі» төсбелгіні алу талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын. Осылайша, келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады, – дейді Асхат Аймағамбетов.

Сондай-ақ талапкерлер НЗМ базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын айта кетуіміз керек. Бұл ретте НЗМ-де емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады.

Былтыр мектеп бітірушілер рекордтық «Алтын белгі» алды. Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алған болатын. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтетін болады.


– Айтпақшы, нормалар келесі жылдан бастап күшіне енгенімен, биыл ҰБТ қорытындысы бойынша үздік белгісін берудің объективтілігі бағаланады. Осыған байланысты мектеп әкімшілігі, білім басқармалары мен бөлімдері қорытынды емтихандарының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуі тиіс. Әрбір жағдай бойынша ҰБТ нәтижелерінің қорытындыларына талдау жүргізіледі, – деді министр.

Бұйрықтың мәтіні ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін жарияланады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x