Қытай басшысы Украинадағы соғысқа қатысты ұстанымын айтты

Dalanews 11 мам. 2022 05:53 155

Күні кеше ғана Қытай басшысы Си Цзиньпин Фаранция президенті Эммануэль Макрон телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады. Телефонмен сөйлесу барысында Қытай басшысы Украинаның территориялық тұтастығына құрметпен қарайтынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

10 мамыр күні жаңадан сайланған Фаранция президенті Эммануэль Макрон өзінің әріптесі Қытай басшысы Си Цзиньпинге хабарласып, екі ел басшылары 90 минут сөйлесіп, көптеген мәселені талқылған.

Екеуара әңгіме барысында Қытай басшысы Украинаның территориялық тұтастығы мен тәуелсіздігіне құрметпен қарайтынын айта келе, тараптар өзара келсіп, қантөгісті тоқтату керектігін айтқан.


Осылайша ресми Бейжің Ресей мен Украина арасындағы соғысты қолдамайтынын білдірді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x