Түрмеге әкелген палаудың ішінен телефон шықты

Dalanews 10 мам. 2022 04:35 290

Қызылорда қаласы ЗК-169/1 мекемесінің сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіне келген азамат әкелген азық-түлікті тексеру барысында тыйым салынған зат анықталды.

Тексеру барысында бір реттік ыдысқа салынған ыстық палау ішінен фольга қағазына оралған бір ұялы телефон мен бір SIM-карта табылды.

– Қылмыскердің ағасы ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен сегіз жылға сотталған. Тергеу изоляторына тыйым салынған затты өткізбекші болған азаматтың үстінен ҚР Әімшілік құқық бұзушылық кодексінің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, ісі сотқа жолданды, – деп мәлім етті Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Дереккөзі: КТК арнасы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x