Жозеп Боррель: «Ресейдің бұғатталған 300 млрд долларын Украинаны қалыпына келтіруге жұмсау керек»

Dalanews 10 мам. 2022 02:20 246

ЕуроОдақтың халықаралық қатынастар, саясат және қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Ресейдің Еуропа елдеріндегі активтерін бұғаттап, оны Украинаны қалпына келтіру ісіне бағыттау керектігін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жозеп Боррель журналистерге берген сұхбатында соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру жұмыстары қолға алған сәтте жүздеген миллиард еуро қажет болатынан айта келе, бұл іске ЕуроОдақ аумағында бұғатталған Ресейдің активтерін бағыттауды ұсынды.

Дәл осыған ұқсас жағдай Ауғаныстан билігін тәліптер басып алғанда АҚШ олардың активтерін бұғаттап тастаған болатын.

Боррель Ресейдің Еуропа аумағындағы алтын валюталық қорын соғыс аяқталғаннан кейін репарация ретінде бағыттаудың маңызы зор екенін алға тартты.  


Батыс елдері салған санкциялардан кейін Ресейдің Орталық банкінің 300 млрд доллар болатын алтын валюта қоры бұғатталған-ды. Алдағы уақытта бұғатталған осы қаржының бәрі Украинаны қалыпқа келтіруге бағытталуы мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x