Ұстаздар үйіндегі кездесу

Dalanews 06 мам. 2022 07:17 250

Институт қызметкерлерінің жұмысымен танысып, қолдау көрсету мақсатында Аманат партиясының Алматы қаласы Әуезов аудандық филиалының төрайымы Ордабаева Найля Алтынбекқызы, қалалық мәслихатының депутаты Қасымов Ерболат Болатұлы  «Ұстаздар үйіне» келді. «Өрлеу» - Алматы, Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институтының  директоры Сәдуақасова Раиса Аждарқызы қонақтарды  күтіп алып, мекеменің тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Мұғалім мәртебесін көтеру бойынша жасалып жақан жұмыстар аз емес. Бірінші кезекте педагогтің  жалақысы көбейді. Сонымен қатар талап та жоғары. Әсіресе, мұғалім біліктілігін уақыт талабына сәйкес  арттыру барысындағы жаңашылдықтар, оқу бағдарламаларының маңыздылығы туралы курс тыңдаушылары Аманат партиясының өкілдерімен кездесу барысында ой-пікірін ортаға салды. Мұғалімдердің кәсіби біліктілін анықтау үшін тестлеу мәселесінің қаншалықты қажеттілігі туралы пікір алмасты. Шын мәнісінде тестен өткізу барысындағы талаптарға өзгерістер енгізіп, мұғалімнің еңбек өтілі мен шығармашылық жетістіктерін, конкурстардан жүлдемен келетін шәкірт дайындаған ұстаздардың еңбегі бағаланып, тест тапсыруда қысым болмаса деген ұсыныстар айтылды. Иә, ертеңгі күні тестен өтпей қалса, шәкірт алдында, әріптестері алдында беделім түсіп қалады деген қорқыныш пен үрейге бой алдырған мұғалімдерді күйзелістен сақтандыратын нақты әрекеттер қарастыру қажеттілігі де айтылды.

Елдің мұңын тыңдап, әділ шешім шығаруға ықпал жасайтын халық өкілдері Институт қызметкерлерімен де кездесу барысында көкейде жүрген сан-сауалдың тиімді шешілуіне атсалысады деген үмітпен тарады.

 

«Өрлеу» Алматы

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x