«Бұл сұрақты Путинге қойыңдар!». Лукашенко Украинадағы соғыстың созылғанына алаңдаулы

Dalanews 05 мам. 2022 15:14 164

Associated Press агенттігі: «Өзін Беларус президенті санайтын Александр Лукашенко Украинадағы соғыстың тым ұзаққа созылып кеткенін, мұның соңы ядролық қаруды қолдануға ұласпауы керек екенін айтты» деп хабар тартты.  

Лукашенко тілшілерге көлемді сұхбат беріп, әңгіме арасындағы Украинадағы соғыс пен Ресейдің ядролық қаруды қолданып, қолданбауына қатысты өз ойын білдіріпті.

– Ресейдің Украинаға қарасы ядролық қаруды қолданбауы керек деп есептеймін. Өйткені Украинаның дәл қасында біздер көрші тұрмыз. Құрама штаттар секілді мұхиттың арғы бетінде тұрсақ, бір сәрі. Егер жойқын қару қолданылатын болса, аспан айналып жерге түседі. Жалпы, бұл сұрақты Ресейдің басшысына қойыңдар, – деп жауап беріпті Александр Лукашенко.

Сонымен қатар Александр Лукашенко Ресей президенті Владимир Путиннің НАТО-мен қақтығысқа түскенін қаламайтынын да айтыпты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x