Cоңғы жаңалықтар
Back

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа Симуляциялық орталық ашылады

 Израильдің “Шиба” медициналық орталығымен бірлескен Меморандум аясында елордамызда жаңа Симуляциялық орталық ашу мүмкіндігі туындады.

Қазақстан делегациясының Израильге сапары барысында Астана Медицина Университеті базасында жаңа Симуляциялық орталық құру және оны дамыту туралы Меморандумға қол қойылды.

“Симуляциялық орталық дегеніміз – болашақ дәрігерлер медициналық тренажерларда практикалық біліктері мен дағдыларын шынайы өмірге барынша жақын жағдайларда пысықтайтын орын”, – деді Астана медицина университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Камалжан Надыров.

Ректордың пікірнше АстМУ базасында заманауи симуляциялық орталық құру дәрігер мен медбикелерді оқыту сапасын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.

Қазіргі таңда израилдік “Шиба” медициналық орталығы базасындағы симуляциялық орталық үздік болып табылады, оның консультативтік қолдауымен әлемнің көптеген жетекші университеттерінде осындай симуляциялық орталықтар құрылған.

“Шиба” медорталығында медициналық білім беруде симуляциялық оқыту жүйесі алғаш рет қолға алынған және бүгінде ол дәрігер, медбике және басқа да медициналық кадрларды даярлаудың міндетті шарты болып табылады.

АстМУ басшылығының Израильге іссапары барысында симуляциялық орталықты құру және пайдалану, оның қызмет стандарттары мен оқыту хаттамаларын әзірлеу, инфрақұрылымды дамыту, клиникалық сценарийлер базасы мен қызметкерлер штатын қалыптастыру секілді бірқатар мәселелер талқыланды.

Израильдің Денсаулық сақтау министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ашер Сальмонмен кездесу аясында сол елдің Денсаулық сақтау министрлігі Астана медицина университетінің дипломын тануы мәселесі де қарастырылды.

Тағы оқыңыз:

«Бұл сұрақты Путинге қойыңдар!». Лукашенко Украинадағы соғыстың созылғанына алаңдаулы