«Қазақстанда құрастырылған». Төтенше жағдай қызметін су жаңа 5 тікұшақ тапсырылды

Dalanews 05 мам. 2022 03:33 172

«2021-2023 жылдарға арналған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерін материалдық-техникалық жарақтандыру туралы жол картасы» аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе паркі жаңа H-145 «Airbus Helicopters» тікұшағымен толықты, – деп хабарлайды Dalanews.kz «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, «Eurocopter Kazakhastan Engineering» ЖШС бас директоры Бастьен Клеменс Мари, «Қазақстан Инжиниринг»ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов, «Қазақстанның әуе әкімшілігі» АҚ бас директоры Каталин Раду қатысты.

Отандық өндірістің әуе кемелерін сатып алу елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың аса маңызды факторы болып табылады. Винтті қанатты техниканың сапасы әлемдік жетекші өндіруші компаниялардың қолданыстағы стандарттарына, сондай-ақ Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес келеді.

Әуе кемелері «Қазавиақұтқару» АҚ Даму бағдарламасы аясында сатып алынды.

Бүгінгі таңда Н145-бұл өз класындағы ең ауыр салмақты тартқыш қозғалтқышты тікұшақ. Тікұшақ ықшамды, модульді салонына 9 жолаушыны отырғызу мүмкіндігі бар, конфигурацияны тез өзгерте алады, сыртқы шуы төмен деңгейде. Сондай-ақ Safran Helicopter Arriel 2Е қуатты қозғалтқыштары мен 4-осьті автопилоты бар Helionix жаңа авиаоникасының арқасында H145 тікұшағы авиациялық тапсырмалардың кең спектрін орындаудағы ең жақсы таңдаулардың бірі болып табылады.


Жаңа тікұшақты тиімді басқару үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ авиациялық бөлімшесінің ұшу және техникалық құрамы Германияның Донауверт қаласында теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.

H-145 тікұшағын іздестіру-құтқару жұмыстарына, халыққа медициналық көмек көрсету және санитариялық іс-шаралар жүргізу үшін ұшуларға, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарға тарту жоспарлануда.

Тікұшақ жиынтықтары Францияның Мариньян қаласындағы «Airbus Helicopters» зауытынан жеткізіліп, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Airbus Helicopters» бірлескен кәсіпорны болып табылатын ТМД аумағындағы осы үлгідегі тікұшақтарды құрастыру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жалғыз кәсіпорын - «Eurocopter Kazakhastan Engineering» ЖШС зауытында құрастырылды.

Қазіргі уақытта ТЖМ авиапаркі отандық және шетелдік өндірістің әуе кемелерімен қамтылған, оның ішінде Airbus EC-145, H-145, H-130 тікұшақтары, сондай-ақ түрлі модификациядағы Ми-8, Ми-26Т және Ка-32 тікұшақтары бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x