Тәжіктер шегірткеден зиян шегуде

Dalanews 04 мам. 2022 01:52 279

Тәжікстанның оңтүстігіндегі Кушониён ауданында жүздеген гектар жердегі егістік пен жайылымды шекіртке жеп қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тұрғындар шегіртке шабуылына тойтарыс бере алмауда. Тракторшы Идибек Абдуллоев бір айдан бері егістікке жәндіктерді өлтіретін химиялық зат сеуіп келеді.

– Шегірткелер таңертең ерте ұшып келеді. Біз зиянкестерді өлтіріп жатырмыз, азаятын түрі көрінбейді. Омарказок елді мекенінде олар қаптап жүретін. Тағы бірнеше тракторшы басқа аумақтарда жұмыс істеп жатыр. Трактор жүре алатын жерлердің бәріне химиялық зат сеуіп шықтық, – дейді ол.

Тұрғындар шегіртке көршілес Вакш ауданынан ұшып келіп жатқанына шағымданды. Аталмыш аудан зиянкестермен күреспейтініне тұрғындар шағымдануда. Қазірдің өзінде шегіртке ондаған гектар жайылымды бүлдірген.


– Үй жануарлары бізге сүт, ет пен май береді. Жайылымды шегіртке жеп кетсе, жануарлар ашығады. Олар мал шаруашылығына да кесірін тигізіп жатыр, – дейді тұрғындар.

Хатлон облысындағы егістік пен жайылым бұған дейін де шегіртке шабуылына ұшыраған. Былтыр жәндіктер көкөніс алқабын бүлдірген.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x