Тоқаев Қапшағайды «Қонаев қаласы» деп атау туралы Қаулыға қол қойды

Dalanews 03 мам. 2022 14:20 332

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Алматы облысының Қапшағай қаласы Қонаев қаласы деп қайта аталсын.

  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, – делінген ҚР Президенттің № 885 Қауылысында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x