Финляндия Ресеймен бірігіп АЭС салу келісімінен бас тартты

Dalanews 02 мам. 2022 12:59 157

Финдердің «Fennovoima» компаниясы осыған дейін Ресейдің «Росатом» компаниясымен бірлесіп «Ханхикиви-1» атом электр стансасын (АЭС) салуға уағдаласқан еді. Батыс елдерінің Ресейге салған санкцияларынан кейін «Fennovoima» бұл келсімді бұзуға мәжбүр болған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ресейдің Украинаға жасаған агрессиясынан кейін финдер орыстармен бірігіп АЭС салудың мүмкін емес екенін түсініп, келісімінен бас тартты.

– Келісім-шартты бұзғанымыздан компанияның қызметкерлеріне аздап зардап шегуі мүмкін. Бірақ біздер осы жобамен айналысқан қызметкерлерімізді жұмыссыз қалдырмаймыз, – деді компанияның баспасөз қызметінің жетекшісі Йоахим Шпехт.


Ресей Украинаға қарсы соғыс ашқанда Финляндияның премьер-министрі Санна Марин «Росатоммен» арадағы келсімді қайта қарап, жобаның қауіпсіздігіне ерекше мен беретіндігін айтқан еді.

«Росатом» санкцияға ұшырағаннан кейін фни үкіметі ресейлік компанияның қауіпсіз АЭС салатына күдік келтіріп, олармен арадағы келсімді үзіуге мәжбүр болған.

«Росатом» мен «Fennovoima» компаниясы «Ханхикиви-1» АЭС-ін салуға 2013 жылы уағдаласқан болатын. Келісімге сәйкес энергетикалық нысанның 34% акциясы орыстарға қараса, 66%-ы финдерге берілген-ді. Құны 7-7,5 млрд еуроға бағаланған АЭС-тің өндірістік қуаты 1,2 ГВт құраған болатын.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x