Аружан Саин: «Бiр басымда бiрнеше жұмыс бар»

Dalanews 28 сәу. 2022 13:00 223

Бүгінде Аружан Саинды көпшілік жақсы таниды. Ол бізге тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылықпен айналысатын жан, қоғам қайраткері ретінде таныс. Орысша бағдарламаларды жүргізсе де, өзінің қазақшасы тәп-тәуір.

 

– Аружан, сіз қазір елiмiздегi танымал адамдардын бiрiсiз. Қоғам қайраткері, тележүргізуші, актриса, продюсер, қайырымдылық қорының басшысы деген дей. Жалпы, алға қойған мақсат не еді?

– Бұл жерде ешқандай кұпия жок. Ең бастысы – еңбеққорлық. Мені үйде солай тәрбиеледi. Ата-анам да, ата-əжем де «еңбек етсең емерсін» деп отыратын. Бәлкiм, сол әсер еткен болар. Оқуда озат болуға тырыстым. Қазiрде кез келген iске бел кiрiсiп кетемін. Бiр басым бiрнеше жұмыс бар. Бiрақ «үлгермей жатырмын, киын екен» деп айтпаймын.

Әлі есімде, анам менi алты жасымнан балетке берді. Балерина болу оңай емес. Көп тер төгуге тура келді. Аптасына үш-төрт рет үйірмеге барып, билеп жүрдім. Сол кезде өзіммен жасты балалар аулада ойнап жүргенде соларға қатты қызығатынмын. Енді баламын ғой, мен де ойынды жақсы көрдім. Бірақ үйде тәрбие сәл өзгеше болды.

Балет сыныбына алғашында жүзден астам қыз келдi, арада біраз уақыт өткен соң олардың жартысы тастап кетті. Ал бiрер жылдан кейiн бөлiмде бар-жоғы он шақты қыз қалдық. Өйткені балерина болу үшін көп еңбек ету қажет. Үнемі қозғалыста болу керек. Адам алға мақсат койып, соны жеңiп шығамын деп тырысқанда ғана бір нәрсе шығады.

Бiрақ менен балерина шықпады. Оған өкінбеймін. Ең бастысы, алдыма дұрыс мақсат қоя бiлдiм. Ол ата-ана сенiмiн ақтау, елiмiздiң өсіп-өркен деуiне кішкентай болса да үлес қосу. Абайша айтқанда, «сен де бiр кiрпiш дүниеге, кетiгiн тап та бар қалан» демекші, өмiрде өзгеге көмегін тиетін азамат болып өсу. Қазір сол алға қойған мақсатыма аз да болса қол жеткізген деймін.

Сiз Сыр бойында, Қызылордада дүниеге келдіңіз...

– Бәрі солай ойлайды. Рас, Қызылордада жарық дүние есігін аштым. Әке-шешем – алматылық. Анам төркініне қыдыра барған ғой. Сол жерде толғақ келiп, босанып қалыпты. Мерзімінен екi ай бұрын өмірге келдім. Әжем - неміс, атам – қазақ. Екеуi де репрессияға ұшырап, айдауда жүргенде танысқан ғой. Атам қазақтын ең алғаш бiлiм алған, көзі ашық интеллигент азаматтарының бiрi болған.

Батыс Қазақстанның тумасы. Қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылған. Сонда, айдауда жүрген немiстiң қызымен танысады емес пе. Үйленген. Кейіннен оларды Қызылордаға жiберген. Өзге жаққа баруға рұқсат етпеген. Сол ата-анасына қыдыра барған шешем мені Сыр елінде дүниеге әкелген ғой. Әке-шешемнiн мамандығы – физик-математик. Қазіргі ҚазҰУ-де оқыған.

– Ана тілімізде бір сыдырығы тәуір сөйлейді екенсіз. Негізі, қалада өскен, орысша оқыған балалар өз тілімізді менсіне бермейді емес пе?

– Өз жерімізде, өз Отанымызда тұрып жатып, өз тiлiмiзде сөйлей білмеу ұят дүние. Мен бесінші сыныпқа дейін орысша окыдым. Бiр күнi көшеде келе жатқанмын. Үлкен карт адам тоқтатып бір көшені сұрады. Әрине, қазақ тілінде. Мен түсінбедім. Өзге бір жүргінші ол кiсiге жөн сілтеді. Сол жерде катты ұялдым. Үйге келген бойда кешкілік ас үстінде, «Мен қазақша оқимын. Қазак бѳлiмiне ауыстырындар» деп әке-шешеме өтініш жасадым. Олар қарсы болмады.

Сол өзiм окитын №51 мектептің iшiндегi қазақ бөлiмiне ауыстым. Әрине, алғашында өте қиын болды. Бiрақ талаптанған адам жеңiске жететiнi белгiлi емес пе. Өз дегеніме жеттім. Бұл жерде әкемнiн рөлі үлкен. Қолынан келгенше қазақша тез үйренуiме көмек берді. Бiрақ КазҰУ-ге түскенде орыс бөліміне баруға тура келді. Өйткені мен түскен география факультетінің экология бөлімі тек орыс тiлiнде екен. Қайтадан орыс тілімен қауыштым. Сабақ үстiнде қол көтерiп «апай, апай мен айтайыншы» деймiн ғой, мектеп тегiдей қазақшалап. Ұстаздар орысшалап: «олай айтпа, Пәленбай Түгенбаевна деп айт» деп түзетедi. Бiраз уақыт көндіге алмай жүрдім. Қазір қай жерде болмасын, ретi келiп тұрған жерде қазақша сөйлеуге тырысамын. Әрине, қазақ тiлiнде көркем сөйлей алмаспын, бiрақ ана тiлiмнiн жанашырымын ғой деп ойлаймын.

– Қайырымдылық қорын құруға не себепкер болды?

– Жалпы, қайырымдылық қорын құрамын деген ой еш уақытта болған жоқ. Бірақ өмірдің өзі және айналадағы жағдай осыған алып келді. Студент кезiмде пионер лагерiнде жетекші болып қызмет атқардым. Жанымызда балалар үйiнен келген бүлдіршіндер балалар негізінен Ресейге баратын.

– Бірнеше мәрте киноға түстіңіз? Өзге де ұсыныстар болды ма?

-–Жоқ. Болмады. Рас, төрт-бес фильмге түстім. Бірақ онда басты кейіпкерлер емес, қосалқы ролдерде. Сондықтан болар өзiмдi актрисамын деп ойламаймын. Әрине, жұрт сүйсiне көрер қызықты киноларға түскенге не жетсін. Әсіресе балалар өміріне арналған фильмдерге шақырса, қуана барар едiм.

– Өмірде өкінетін, ренжитін сәттер болып тұра ма?

– Жалпы, мен көңiлдi жүретiн адамдардын қатарына жатамын. Қабақ түйіп, тұнжырап жүру маған жат. Рас, кей кездерi ренжитін, ашуланатын сәттерiм де болып тұрады. Адамдардың жауапсыздығын, өтiрiктi шындай соғатындығын, арамдығын, әдiлетсiздiгiн көргенде көңіл күйім түсiп қалады. Әсіресе Жаңаөзен оқиғасы маған қатты әсер етті. Бүкіл жан дүнием қопарылып түскендей болды.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x