Асқар Омаров Талғар жұртшылығымен кездесті

Dalanews 25 сәу. 2022 16:14 288

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаровтың Талғар ауданының тұрғындарымен, сондай-ақ Алматы облысының ҮЕҰ және БАҚ өкілдерімен кездесуі өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Кездесу барысында Асқар Омаров министрліктің іске асырған жобалары, атқарған жұмыстары мен негізгі міндеттері туралы айтып берді.

Баяндаманың басында Асқар Омаров өңірлік БАҚ-ты барынша тарта отырып, өңірлік мемлекеттік ақпараттық тапсырысты уақытылы іске асыру қажеттігі туралы атап өтті.

Сонымен қатар, министр азаматтық қоғамды дамыту саласы бойынша, атап айтқанда – мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландыру; волонтёрлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және ҮЕҰ-ға арналған гранттар мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру; волонтёрлердің фронт-офистерін құру, гранттық қаржыландыру, сондай-ақ халықаралық волонтёрлік қызметті құру арқылы волонтёрлік қозғалысты одан әрі дамыту, «Жыл волонтёрі» халықаралық сыйлығын тағайындау бойынша егжей-тегжейлі тоқталып өтті.

«Бірінші жұмыс орны» және «Zhas Project» жобалары, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары сияқты жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік шараларға ерекше назар аударылды.

Іс-сапар бағдарламасының маңызды бөлігі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг пен азаматтарды жеке қабылдау болды. Аталмыш брифинг пен жеке қабылдау барысында Министрліктің жетекшілік ететін салалары бойынша халықты толғандыратын өзекті сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x