Back

ЕуроОдақ елдері Ресейдің 35 млрд еуро болатын активтерін бұғаттады – Bloomberg

ЕуроОдақ елдері Ресей Укрианиаға басып кіргелі бері кәрі құрлықтағы құны 35 млрд еуро болатын активтерін бұғаттап тастаған, – деп хабарлайды Bloomberg.  

Осылайша ЕуроОдақ елдері орыстың байшыкештерінің Еуропадағы дүние-мүліктерін бұғатталуда. Бұл әлді жалғасатыны анық.

Bloomberg агенттігі таратқан мәлімет бойынша Франция 23,5 млрд еуро, Белгия 10 млрд еуро, Италия 1 млрд еуро, Ирландия 839,4 млн еуро, Нидерланд 515,9 млн, Польша 34,5 млн, Швеция 28,8 млн еуроның активін бұғаттап үлгерген.

Бұғатталған активтердің Фаранцияда көп болуын, агенттік Ресейдің Орталық банкінің активтерімен байланыстыруда.

Бұлардың арасында құны 600-750 млн доллар болатын олигарх Әлішер Усмановтың Dilbar сперяхтасы да тәркіленгенін айта кетуіміз керек.

Осылайша бар мүлкін Еуропаға тасыған олигархтар активтеріне айырылып, қиын жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.

Тағы оқыңыз:

 

Михайло Подоляк: «66 күн соғыста орыстың 7 генералы оққа ұшып, 22 мың сарбазы опат болды»