Түркия Ресейдің әскери және азаматтық ұшақтары үшін әуе кеңістігін жапты

Dalanews 24 сәу. 2022 02:33 262

Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу Ресейдің әскери және азаматтық ұшақтары үшін әуе кеңістігін толықтай жапқанын мәлім етті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Чавушоғлу Ресей ұшақтарының Түркияның әуе кеңістігін пайдалануы сәуірде аяқталғанын айтты.

– Біздер Ресейдің Сирияға бағытында ұшатын әскери және азаматтық ұшақтары үшін әуе кеңістігімізді жаптық. Біз оларға Түркияның әуе кеңістігін пайдалануға үш айға рұқсат бергенбіз. Олардың сәуірге дейін әуе кеңістігімізді пайдалануға рұқсаты бар болатын, – деді Түркияның сыртқы ведмоствасының жетекшісі Sabah газетіне берген түсініктемесінде.


Өз кезегінде Чавушоғлу дәл қазір Анкара мен Мәскеу арасында «Монтре» конвенциясы мен Қара теңіз акваториясындағы кеме шаруашылығы бойынша диалог жүріп жатқанын да алға тартты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x