НАТО елдері Украинаға қандай қару жеткізді?

Dalanews 23 сәу. 2022 02:40 428

Бүгінде НАТО-ға мүше елдер Украина әскерінің орыс басқыншыларына қарсы тұруы үшін қару-жарақтың түр-түрін жеткізіп жатыр. Бұл ретте АҚШ пен Ұлыбритания белсенді. Шығыс Еуропа елдері де қарап қалып жатқан жоқ, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Соғыс оты тұтанғалы бері Ұлыбритания Украинаға танкке қарсы қолданатын NLAW қаруы мен Starstreak деп аталатын зенитті зымырандарын жіберген.
Ал Америка болса, танктерді талқандауда таптырмайтын әйгілі Javelin мен Stinger зениттік зымырандарын Украина әскеріне табыстағанын білеміз. Осылайша бір ғана АҚШ-тың Украинаға жеткізген қаруы 3 млрд долларға жеткен.

Іргедегі Словакия болса жойғыш әскери ұшақтарды 400 шақырым жерден атып түсіретін С-300 әуе қорғанысы кешенін жеткізіп беріпті. Түркияның «Байрақтары» майдан өтінде орыс әскеріне ауыр соққылар беруді.  


Чехтер Т-72 танктері мен БТР-дер жібергенін айта кетуіміз керек. Бұдан басқа АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Голландия ауыр артиллериялық қаруларын беретін болды.

Бельгия, Польша, Эстония, Латвия, Дания, Испания мен Словакия елдері түрлі әскери техника, оқ-дәрі, жанармай мен азық-түлікті үздіксіз жеткізуде.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x