Навальный өзін экстремистер мен террористер тізімінен алып тастауды талап етті

Dalanews 22 сәу. 2022 01:34 232

Колонияда отырған саясаткер Алексей Навальный Қаржы мониторингі жөніндегі федералдық қызметке арызданып, өзін экстремистер мен террористер тізімінен алып тастауын талап етіпті. Мәскеудің Мещанск соты сайтындағы мәліметке қарағанда, шағым 21 сәуірде тіркелген.

Навальный адвокаттарының "Интерфакс" агенттігіне хабарлауынша, саясаткер өзін экстремистер мен террористер тізімінен алып тастауын талап етті. Федералдық қызмет Навальныйды бұл тізімге 25 қаңтарда қосқан.

Бұл тізімде саясаткердің жақтастары Леонид Волков, Иван Жданов, Любовь Соболь, Вячеслав Гимади, Георгий Албуров және Руслан Шаведдинов те бар. Оларға экстремистік қауымдастық құрды деген айып тағылған.

Мұндай тізімде есімі аталғандардың банктердегі есеп-шоттары бұғатталады.

2021 жылғы маусым айында Мәскеу қалалық соты Навальный қоры мен Навальный штабын экстремистік ұйым деп танып, оған жұмыс істеуге тыйым салған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x