Жас кадеттер Алматы академиясында қонақта болды

Dalanews 21 сәу. 2022 12:06 326

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Баланы ұлша тәрбиелесең – ұл, құлша тәрбиелесең – құл болмақшы» деп ұлағатты сөз қалдырды. Ұрпақ тәрбиесі – ертеңін ойлаған елдің ең басты міндеті болмақ.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті және біздің беделді орны ҚР ІІМ Алматы академиясы мен Іле аудандық білім басқармасының арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, кадет балаларға біздің оқу орнының тәжірибесін көрсетуге келіскен болатын.

Сол келісімге сай бүгін бір топ жас кадеттер Алматы академиясына «Ашық есік» күніне келіп, курсанттардың тұрмыс-тіршілігімен, оқу барысымен танысты. Оның ішінде академияда оқытатын қазіргі қоғамға керекті IT-мамандарды оқытатын арнайы аудиториямен және елімізге танымал генералдардың атындағы дәрісхана, тағы сол сияқты бірнеше аудиториялармен танысып, тамашалады.



Жас кадеттер оқу орнындағы әртүрлі жаттығу алаңдарында болып, қару-жарақ түрлерімен таныс болды. Курсанттардың жатын бөлмелері казарманы аралап, асханадан дәм татты.

Спорт залында жауынгерлік тәсілдермен самбо шеберлерінің өнерін тамашалап, өз қызығушылықтарын да білдірді. Экскурсия соңында академия тыңдаушыларымен бірге сап түзеп, алаңнан жүріп өтті. Бұл да бір әдемі көрініс болды.

Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін» деген қанатты сөзімен айтқанда әрбір жас жүрек азамат өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, танып, оған табынып өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түсетіні анық.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x