Жақында «AMANAT» партиясының кезектен тыс съезді өтеді
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов бүгін өзінің Фейсбкутағы парақшасында ҚР Президенті, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 26 сәуірде «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz
– Бүгін «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады.
Оған барлық өңірлерден делегаттар қатысады. Съезд онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда, – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында.
Тағы оқыңыз: