MEGA Silk Way Түркия, Грузия және Бурабайға жолдамалар ойнатуда

Dalanews 19 сәу. 2022 04:25 376

Осы сенбіде, 16 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласындағы ең ірі сауда  - ойын-сауық орталығы  алғашқы мерейтойын атап өтті. Туған күнге орай MEGA Silk Way қатысушыларға Түркия, Грузия мен Бурабайға жолдама ұтып алуға мүмкіндік беретін акцияны іске қосты.

MEGA Silk Way өзінің бес жылдығына арналған мерекелік іс-шараларды сәуір айының басынан ұйымдастырды. Бүгінге дейін мұнда балалар мен жасөспірімдерге арналған шеберлік сағаттар, концерттер мен сән көрсетілімдер өтті, сондай-ақ жүлдеге Түркияға, Грузияға немесе Бурабайға жолдама ұтып алуға болатын чектер акциясын бастады.



Науқан шартына сәйкес 4 сәуір мен 30 сәуір аралығында бір чекте 15 мың теңгеге сауда жасап, лездік ұтыс ойынына қатысуға болады. Ұтыс жүлдесіне МEGA Silk Way жалға алушыларының сыйлық сертификаттары қойылған. Ал Түркия, Грузия мен Бурабайға жолдама ұтысына қатысу үшін 4 сәуірден 30 сәуірге дейін бір күндегі чектердің сомасы 40 мың теңге болатын сатып алулар жасау қажет.

Финалдық ұтыс ойын 2022 жылдың 7 мамырында MEGA Silk Way СОО-да өтеді. Акйияға қатысушылардың бас жүлде ұтыс ойынына қатсуы міндетті. Толық ақпаратпен  mega.kz сайтында таныса аласыз.




MEGA Silk Way туған күніне арналған негізгі мерекелік салтнатты 16 сәуірде өткізді. Бұл күні 60 мыңнан астам келуші сүйікті сауда – ойын-сауық орталығын мерейтоймен құттықтауға келді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап шығыс стиліндегі фотоаймақ орнатылды, балаларға  қыш құмыра жасау, құммен сурет салу шеберлік сабақтары өтті, «Жібек жолы» шеруі мен «Шығыс базары» жәрмеңкесі мекерек көркін ажарландыра түсті. Ал кешке DJ Мишка мен Olds Kool Gaang кавер-тобы өнерлерін ортаға салса, кеш хэдлайнері Moldanazar тобының сахнаға шығуын күткендерде есеп болмады. Танымал әнші өзінің ең танымал әндерін орындады. Жиналғандар «Алыстама», «Өзің ғана», «Қош бол» әндерін Молданазармен бірге қосылып шырқады.



MEGA Silk Way СОО директоры Михаил Толмачев СОО құттықтауға келген әр бір жанға ыстық ықыласы мен алғысын білдірді

– 5 жыл уақытта MEGA Silk Way тек қала тұрғындары үшін ғана емес, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен Нұр-Сұлтан қаласына келген қонақтар үшін де тартылыс орталығына айналды.  Сауда – ойын-сауық орталығы тиімді сауда жасауға, отбасымен немесе достарымен уақыт өткізуге, қызықты іс-шаралар мен концерттерге қатысуға болатын орын. Бес жылды қонақтарымыздың жоғары үмітін ақтап қана қоймай, оларды бұдан әрі таңғалдырып, елордадағы ең танымал СОО болып қала береміз, – деп атап өтті Михаил Толмачев.




 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x