Cоңғы жаңалықтар
Back

Н. Шәріпов: «Істі қарайтын судьяны компьютер кездейсоқ таңдау әдісімен анықтайды»

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Н. Шәріпов шағым жасаудың процессуалдық тәртібі туралы баяндады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Спикердің айтуынша, Қазақстанда қолданылатын сот ісін жүргізудің төрт түрі бойынша өндірістер қылмыстық процестік кодекспен, Азаматтық процестік кодекспен, Әкімшілік рәсімдік кодекспен және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстермен реттеледі.

– Сотқа іс түскен кезде оларды компьютер кездейсоқ таңдау әдісімен судьялар арасында автоматты түрде бөледі. Сот төрағаларының да, судьялардың да нақты істі «керекті» судьяға беруге мүмкіндігі жоқ. Осы қатаң тәртіп істі одан әрі қарау барысында, апелляциялық, кассациялық тәртіпте болсын қатаң сақталады. Шағымдар мен өтініштерді, наразылықтарды қарау тәртібі процестік кодекстерде нақты белгіленген. Істерді, шағымдарды, өтінішхаттарды, наразылықтарды қарау тәртібі процестік кодекстерде нақты белгіленген, – деп түсіндірді спикер. 

Біріншіден, істі бірінші инстанция қарайды – бұл аудандық соттар. Шағымданған жағдайда іс апелляциялық сатыда қаралады – бұл облыстық соттар. Содан кейін шағым кассациялық сатыға – Жоғарғы Сотқа жіберіледі.

– Егер адам кассациялық сатының шешімімен келіспесе, онда оның тағы екі жолы бар: наразылық енгізу үшін Бас прокурорға жүгіну; немесе кассациялық сатыда қайта қарауға ұсыныс енгізу туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына жүгіну. Сот актілерін қайта қараудың басқа нұсқалары жоқ, – деп атап өтті Шәріпов.

Тағы оқыңыз: 

«AMANAT»: Жол картасы толыққанды орындалуы тиіс