Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми жетістіктері

Dalanews 12 сәу. 2022 12:37 188

 

 

ХХІ ғасырдағы инновациялық даму біздің өміріміздің барлық салаларында революциялық ғылыми өзгерістер жағдайында жүреді. Ақпараттық қоғамдастықтар қарқынды түрде кеңеюде, ақпараттың барлық түрлерінің көлемі мен әлеуметтік маңызы бірнеше есе артып келеді. Білім беру индустриясы да жаңа мәртебеге ие болуда. Қазіргі заманғы білім беру саласы ЮНЕСКО-ның негізгі бағдарламалық құжаттары мен жобаларында белгіленген Lifelong Learning стретегиясын іске асыра отырып, әртүрлі жастағы және әлеуметтік топтағы адамдарды оқыту үшін түбегейлі жаңа функционалға ие болады.

Білім беруді қайта қалыптастыру процесінде өзекті мамандықтар мен болашақтың білімін алуға бағытталған педагог кадрларды даярлау бірінші кезектегі маңызға ие. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Abai University) - ел тарихындағы алғашқы жоғары оқу орны, осы жоғары миссияны 93 жыл бойы дәйекті түрде жүзеге асырып келеді. ЖОО қабырғасында С.Асфендияров, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Т.Жүргенов, Т.Қабылов, Кеңес Одағының Батыры М.Ғабдуллин және т.б. көрнекті қайраткерлер жұмыс істеді. Нәтижесінде университетте елімізге танымал, ең алдымен педагогика және лингвистика саласындағы ғылыми мектептер құрылды.

Бүгінгі таңда ЖОО-ның ғылыми әлеуетін жоғары білікті мамандар қамтамасыз етеді: 2021 жылы Қазақстан Республикасы университеттерінің профессор-оқытушылар құрамының басты рейтингінің топ 50-іне біздің профессорлар Б.С. Ахметов, Е.А. Бектұров, В.Н. Косов, Е.А. Бөрібаев, Ж.А. Хамзина, А.И. Купчишин кірді. Elsevier-Scopus әлеуметтік ғылымдар саласындағы ҚР үздік зерттеушілері болып профессорлар Е.А. Бөрібаев пен Ж.А. Хамзина танылды. 2022 жылға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия доцент Т.Т. Далаева мен постдокторант А.М. Бакуловаға берілді. 2021 жылы ҚР «ЖОО үздік оқытушысы» атағына Ұ.М. Әбдіғапбарова мен Л.Ш. Какимова ие болды. Scopus/WoS дерекқорына кіретін әлемдік қоғамдастық мойындаған ғалымдар, редколлегия мүшелері және ғылыми журналдардың рецензенттері Е.А. Бөрібаев, В.Н. Косов, С.Д. Әбішева, Ж.А. Хамзина, Л.В. Сафронова, М.Ш. Мұсатаева және т.б. болып табылады.

Университетте халықаралық және мемлекеттік ғылыми-зерттеу жобалары табысты жүзеге асырылуда. 2021 жылы жалпы сомасы 355 млн.теңгеге 48 ғылыми жоба, оның ішінде ҚР БҒМ гранттары бойынша республикалық бюджеттен 14 жоба жалпы сомасы 208,8 млн. теңгеге қаржыландырылды. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірлесіп, мемлекеттік бюджеттік бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде «Білім және ғылым жүйесін жаңғыртудың ғылыми негіздері» тақырыбында «Үздік әлемдік практикаларға сәйкес ТжКБ жүйесінде педагогикалық білім беруді трансформациялау бойынша зерттеулер жүргізу және ұсынымдар әзірлеу» инновациялық жобасы жүзеге асырылып отыр.

Заманауи әлемдік тенденцияларға сәйкес университетте үздік ғылыми коллаборациялар құрылуда. 2021 жылы республикалық ғылыми ұйымдармен бірлесіп 8 интеграциялық жоба, оның ішінде вирусология (Микробиология және вирусология ғылыми орталығымен бірлесіп) және ядролық физика (Алматы қ. Ядролық физика институтымен және Курчатов қ. Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп) саласындағы зерттеулер сияқты өзекті тақырыптар бойынша іске асырылды. Бірнеше жыл бойы педагогика саласында «Жоғары Экономика мектебі» ұлттық зерттеу университетімен (ЭЖМ, Мәскеу қ., РФ) бірлесіп халықаралық деңгейдегі 5 коллаборациялық жоба табысты іске асырылуда. Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетімен, Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен және В. Астафьев атындағы Красноярск мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесіп білім беруді цифрландыру бойынша ғылыми жоба сәтті түрде жүргізілуде.

2022 жылдың басында Цюрих университетінің платформасында «Meidalanscapes of Russian Literature: Text Reading» жобасы басталды, оған біздің университеттің профессоры Л.В. Сафронова қосалқы оқытушы ретінде шақырылды. Жоба Швейцарияның Лозанна университетімен, Германияның Констанц университетімен, Хорватияның Загреб университетімен, Санкт-Петербург мемлекеттік университетімен және Абай атындағы ҚазҰПУ-мен коллаборацияда MOOK шеңберінде ашық онлайн-курс құруды көздейді.

АҚШ-тың Harvard University (Гарвард университеті), Фейрбанк қытайтану орталығының ғылыми қызметкері Н.Кенжеахмет Абай атындағы ҚазҰПУ-мен бірлесіп Абайдың тарихи топонимика жөніндегі жобасының жетекшісі болды. DAAD желісі бойынша FAU университетімен (Friedrich-Alexander-Universität Erlangen-Nürnberg) педагогика бойынша бірлескен жоба жүзеге асырылуда. Үшінші жыл қатарынан ҚазҰПУ саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасымен бірлескен Еджисато-қорының (Жапония) «Азиялық коммуникация» жобасы, сондай-ақ үш жылдық ЭРАСМУС+ KAZDUAL жобасы жалғасуда. 2021ж. оқытушыларды даярлау бойынша АҚШ үкіметі қаржыландыратын Сакраменто қаласының Калифорния университетімен бірлескен жоба аяқталды. Дүниежүзілік Банктің қаржыландыруының арқасында Мәскеу қалалық педагогикалық университетімен бірлесіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің оқу жүйесіне «Педагогикалық өлшемдер» магистрлік желілік бағдарламасы енгізілуде. Абай атындағы ҚазҰПУ өз қаражатынан есебінен ғылыми-инновациялық паркінің жобаларын 39 млн.теңгеден астам сомаға қаржыландырылды.

Біздің ЖОО-да жас ғалымдарды қолдауға көп көңіл бөлінеді. Жыл сайын профессор-зерттеуші және постдокторантура бағдарламаларына университеттің өз қаражаты есебінен төленетін ашық конкурстар өткізіледі. 2021 жылы осы бағдарламалар бойынша 5 профессор-зерттеуші және 10 постдокторант ғылыми қызметін жүзеге асырды, олардың 6-ы бөгде білім және ғылым ұйымдарынан қабылданды. 2021 жылы Жас ғалымдардың жобаларына университеттің өз қаражаты есебінен конкурстық тәртіпте 28 500 000 теңге бөлінді.

Университетте болашақ бағдарламасы бойынша білім алушылар контингенті айтарлықтай өсті. 2021 жылдың соңында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 16 қызметкері ғылыми тағылымдамалар конкурсының жеңімпаздары болды: постдокторанттар Д.Сабирова және А.Сейлхан, Педагогика және психология институтының оқытушылары К.Бекбенбетова, С.Сайфулмаликова, А.Ерланқызы, М.Абсатова, В.Құрманбек, А.Өмірбекова, А.Жалалова, Жаратылыстану және география институтының оқытушылары Т.Ақылбекова, Д.Қасымбекова, К.Сыман. Өнер, мәдениет және спорт институтынан А. Шорабек, Тарих және құқық институтынан А. Қасымбек, Сорбонна-Қазақстан институтынан – Қ. Жұмаш «Болашақ» байқауының жеңімпаздары атанды.

Университетте жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ғылыми-педагогикалық кадрларын даярлау табысты жүзеге асырылуда. 2021/2022 оқу жылында магистранттар контингенті 1424 адамды, докторанттар контингенті - 243 адамды құрады, бұл ғылыми кадрлар резервін тұрақты толықтыруды қамтамасыз етеді. Біздің жас ғылыми резервіміз өте белсенді, ғылым саласында өз бетінше бастамалар білдіреді. 2021 жылдың қазан айында Жас ғалымдар кеңесі докторанттарға арналған «Жаратылыстану ғылымдары және пәндер: озық тәжірибелер мен технологияларға негізделген зерттеулер» тақырыбында республикалық біліктілік апталығын өткізді.

Жас зерттеушілердің белсенділігі мен бастамашылдығы жоғары деңгейдегі марапаттармен марапатталады. «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенті Толқын Жарылқасыноваға Президенттік стипендия тағайындалды. «7М01702-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты Рабиға Жәкенова Н.Ә. Назарбаевтың 2021 жылғы стипендиясының иегері атанды. «Химия» мамандығы бойынша PhD докторантура түлегі Суннатулла Каумбаев «Алматы - 2021 жыл мұғалімі» қалалық байқауында үшінші орынға ие болды. «7М01702-Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранты Меруерт Ізтілеу Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының «Үздік жас ғалым – 2021» медалімен марапатталды. «Халықаралық құқық» мамандығының магистранты Қарлығаш Жеделова «Қазақстанның үздік магистранты - 2021» республикалық байқауында жеңімпаз атанды. PhD докторант Мадина Молдағали («орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы) «Квантитативті филология» Жас ғалымдар мектебі халықаралық жобасының қатысушысы бола отырып, Миколос Ромерус университетінде (Вильнюс қ.) Литва мемлекеттік бағдарламасы (Lithuanian State Scholarship) бойынша оқу грантын жеңіп алды.  Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының жас оқытушысы Айжан Нүсіпбекова грант пен «Жыл мұғалімі» құрметті атағына ие болды (2021 ж.).

Университеттің ғылыми әлеуеті сандық және сапалық жағынан да ұдайы артып келеді. ЮНЕСКО жариялаған тұрақты даму мақсаттарын ескере отырып, бізге дәстүрлі оқытушылық қызмет салаларында мамандар даярлап қана қоймай, сонымен қатар Қазақстанның білім беру болашағын қалыптастыру қажет. Бұл үдерісте ғылымға шешуші рөл берілген - ондағы жетістіктер, бірінші кезекте, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлемдік имиджін қалыптастырады, университетті халықаралық және отандық рейтингтерде алдыңғы қатарға шығарады. Университет жыл сайын әлемнің жетекші университеттері арасында өз позициясын жақсартып келеді.   QS World University Rankings-2022 жылғы әлемдік рейтингісінің қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ 551-560 позициясында (2021ж.601-650; 2020 ж. 561-570) табан тіреді. Сәйкесінше ҚР ЖОО арасында Abai University бесінші орынды иемденсе, QSEECA-2022 (Emerging Europe & Central Asia) халықаралық рейтингінде университет Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері бойынша өңірдің 450 жоғары оқу орнының ішінен 70-орынды алады. Abai University rank Pro Worldwide Professional University Rankings университеттерінің жаһандық рейтингінің ТОП-1000 қатарына кіріп, әлемнің тіркелген 2425 ЖОО-нан 917-ші орынға ие болды. QS World University Rankings by Subject 2022 қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет пәндік рейтинг бойынша әлемнің алғашқы жүз университеттері қатарында, «Білім беру және оқыту» (Education and Training) мамандығы бойынша «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» 71,6 балл санатында 62-орынға ие болды. Бұл көрсеткіш рейтингтің осы санатында ұсынылған қазақстандық, сондай-ақ Орталық-Азиялық жоғары оқу орындарының арасында Ең үздік болып табылады. Сонымен қатар, университет алғаш рет «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» салалық рейтингіне еніп, 297 орын алды, жалпы балл 64,5. Бұл санатта «Лингвистика» мамандығы әлемде 201-250 позициясында (республиканың жоғары оқу орындары арасында 3-ші орын). 2022 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ алғаш рет QS Stars Rating System беделді халықаралық рейтингісіне қатысып, 1000-нан 752 балл жинап, бес мүмкін жұлдыздың ішінен «4 жұлдыз» жоғары бағасына ие болды.

 

Е.А. Бөрібаев, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі проректоры

 

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x