Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

Dalanews 07 сәу. 2022 06:04 314

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарылғымен Жамбыл облысына Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов әкім болып тағайындалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы 1967 жылы туған, білімі жоғары. 1991 жылы Еңбек Қызыл Ту орденді Ленинград ауылшаруашылық институтын «Инженер-механик», 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «Экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Техника ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің құрметті профессоры. Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы М.Горький атындағы колхозында механик болып бастаған. Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2019 жылдың тамызынан бастап Байзақ ауданының әкімі лауазымын атқарды.

2021 жылдың 26 сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x