«AMANAT» партиясы Атқарушы хатшысының өңірлердегі кездесуі түркістаннан басталды

Dalanews 06 сәу. 2022 15:41 182

Бүгін Түркістан облысына бір топ зиялы қауым өкілдері өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Ораловпен кездесті. Хатшы партияның жаңару, жандану аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, еркін форматта пікір алмасты.

Келелі жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, «Amanat» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев қатысты.

Алғашқылардың бірі болып сөз алған елімізге белгілі сазгер, профессор, ұстаз Бекжігіт Сердәлі партияның жұмысына сәттілік тілеп, бірқатар өзекті мәселелерді оның ішінде талантты жастарды қолдау, оларды қоғамдық жұмыстарға белсене қатыстыру, ән, күй сапасын жақсарту мақсатында шығармашылық кеңес құру сынды ұсыныстарын жеткізді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x