Бигелдиновті білмейтін адам жоқ

Dalanews 05 сәу. 2022 16:18 221

Авиация генерал-майоры, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры, «Барыс» орденінің иегері, аты аңызға айналған ұшқыш Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов биыл 100 жасқа толады.

Ол ұшуды 16 жасынан бастады. 1938 жылы Бішкектегі ДОСААФ авиамектебіне түсіп, тамаша тәжірибе жинақтайды. Талапты жігітті ұстаздары 1940 жылы Саратов әскери авиация мектебіне оқуға жібереді. Ұшқыштар мектебінде екі жыл оқып, сержант шеніне ие болғанын білеміз.

Даңқты батырымыз кәсіби шеберлігін Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебінде ұштағаны белгілі.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Бигелдинов майданға барып жауға тойтарыс беруге оқталды. Бірақ өзінің ұшқыш болам деген арманын шегіне жеткізіп, әлі біраз тәжірибе жинақтап, дайындалу қажеттігін түсінді.

Қан майданға 1942 жылы Ижевск каласынан ұшуды толық меңгеріп аттанған еді. 1943 жылдың 17 ақпанында алғашқы жауынгерлік міндетін орындап, сол күні кешқұрым екi рет тағы да көкке көтерілді. Алғашқы жеңiсi Вf.109-дың истребителін ұшырып түсірумен басталды.

Әуе кеңiстiгiндегi кезектi бiр жауынгерлік соғыста Талғат Бигелдинов өзiнiң штурмовигiмен фашист истребителiнiң көзiн жояды. Фашист Бельгия, Франция елдерiне қарақшылық жасаумен айналысқан Фюрердiн адамы екен. «Илдi» оңай олжа деп жаңылысқан фашист үшiн әлгi күн соғыстағы соңғы сәтi едi. Оның ұшағы бiздiн территориямызға түседі, фашист өзін жас ұшқыштын қолға түсiргенiне сене алмаған деседі.

Осылайша, Бигелдинов ауыр штурмовикте отырып жау истребителiне қарсы шабуыл жасау тактикасын жүзеге асырды. Тактиканын тиiмдiлiгi соншалықты, оны өзге ұшқыштар да қолдана бастады.


Курск шайқасы кезiнде истребительдер тобының командирі Сергей Луганский өз жерлесі Талғат Бигелдиновті ажалдан құтқарады. С.Луганский радиобайланыс жүйесi арқылы фашист ұшқышынын Бигелдинов ұшағын зеңбiрекпен атып жатқанын көріп, айтады. Батыр ұшағын дер кезінде бұрып үлгергенше, Луганский «мессершмитті» екiншi рет соққылай алмастай етіп тұқыртады.

Көкте табыскан ұшқыштар кейiн ағалы-iнiлi жандардай аралас-кұралас болды. Бигелдинов әрқашан досынын ерлiгiмен мақтанатын. Сергей Алматы қаласынын тумасы болып шықты. Осында 1938 жылы әскери авиациялық мектепті бітіріп, соғыстың алғашқы күндерінен майданда болған.

Кеңес Одағының екі дүркін батыры, 390 рет жауынгерлiк мiндетiн көкте атқарған. Бір өзі фашистің 37 ұшкышынын көзін жойса, топ құрамында жүріп 6 ұшақты жойған. Жауынгерлер бiрнеше рет тапсырманы бiрге орындаған.

1943 жылдың шiлдесiнде Бигелдинов 9 рет, тамызда 23 рет, қыркуйекте – 22, казанда 18 рет көкке көтерілген. Әр ұшқан сайын Талғат Бигелдинов өлiм мен өмiрдiң арасында болатын. Қауiптiн қай кезде, қашан келетiнiн бiлмейсiң, бiрақ Бигелдиновтiң әрбiр көкке көтерiлгенi фашистердің үрейін ұшыратын.

Талғат Бигелдинов 1950 жылы Әскери-Әуе күштерiнiн академиясын бiтiрiп, авиация полкі командирiнiң орынбасары және штаб бастығы болды. 1956 жылы денсаулығына байланысты отставкаға шықты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x