Қазақстан Украинадағы азаматтарын эвакуациялауды аяқтады

Dalanews 30 нау. 2022 11:08 228

Қазақстанның Украинадағы елшілі 29 наурызда кешке жанжал ошағындағы азаматтарды елге жеткізу ісі аяқтаанын хабарлады. Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып келген соңғы – жетінші рейсте 53 жолаушы болды. Алғашқы эвакуациялау рейсі Қазақстанға 1 наурызға қараған түні қонған, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы уақытқа дейін Украинадан 900 ел азаматы эвакуацияланған. Олардың 743-і елге оралды.

Украина қалаларында тағы қанша қазақстандық бары белгісіз. Азаттық тілшісі сөйлескен қазақ азаматтарының бірқатары Украинадан әзірге кеткісі жоқ екенін айтты.

Қазақстандық дипломаттардың 16 наурызда таратқан мәліметіне қарағанда, Мариуполь қаласында 18 қазақстандық қалған. Қазақстанның Украинадағы елшілігі олармен байланыс орната алмағанын мәлімдеді, өйткені бұл қалада жарық, байланыс желілері жоқ.


Наурыз мерекесі қарсаңында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадаған эвакуациялауды ұйымдастырған дипломаттарға мемлекеттік сыйлықтар тапсырды. Олардың арасында Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев та бар.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x