Back

Көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуді ұмытпаңыз!

Ағымдағы жылдың 25 наурыздағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлік құралдары салығы бойынша берешек 15685 автокөлік иесі бойынша 540,2 млн теңгені құрайды. Оның 238 млн теңгесі Өскемен қаласының тұрғындарының үлесіне тисе, 202 млн теңгесі семейліктерге тиесілі, – деп хабарлайды Dalanews.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті жеке тұлғалардың назарына көлік құралына салықты 2021 салық кезеңі үшін ағымдағы жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төлеу қажеттігін  ӨКҚ-дн өткен баспасөз конференциясында ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов мырза айтып берді.

Ағымдағы жылдан бастап салық кодексіне өзгеріс енгізілген болатын.  Ең жоғары рұқсат етілген массасы 3 500 килограмнан кем «B» санатындағы көлік құралдары салық кодексінің 492-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген ставкалар бойынша салықты есептеу жүргізілетін жүк автомобильдеріне жатқызылатын болады.

Көлік салығын Мемлекеттік кірістер комитетінің порталындағы онлайн-калькулятор арқылы есептеуге болады kgd.gov.kz және E-Salyg Azamat мобильді қосымшасыда бар.  «Салықты төлеу үшін «салық әмияны» сервисі іске қосылған e-Salyg Аzamat, екінші деңгейлі банктер, терминалдар, банкоматтар, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері және т. б. мобильді қосымшалар арқылы төлеуге болады.

Салықтардың есептелген сомасы Kaspi Bank және Halyk Bank мобильдік қосымшаларының пайдаланушыларына Push-хабарлама түрінде жіберіледі» деді  Ержан Ктанов.

Сонымен қатар салық төлеуден   меншік құқығында әртүрлі себептермен (сенімхат бойынша, қосалқы бөлшектер бойынша сату, көлік құралы бөлшектелген, авариялық жағдайда, өртенген және т.б.) іс жүзінде жоқ Салық салу объектісі болса, бұл автомашинаны тіркеу есебінен шығару сәтіне дейін салық төлеуден босатылмайды.

Уақтылы немесе толық төленбеген жағдайда өсімпұл есептелетінін, салық берешегі туралы хабарлама табыс етілетінін, ерікті орындау мерзімі өткеннен кейін салық бұйрығы қалыптастырылатынын және Атқарушылық іс жүргізу органдарына берілмек.

Сот орындаушылары банк карточкаларын бұғаттау, мүлікке тыйым салу, көлік құралын айыппұл тұрағына орналастыру, ҚР шегінен шығуға шектеу қою, белгілі бір іс-әрекеттерді жүргізуге шектеу қою және басқада шараларын қолдануға құқы бар.

Бұдан басқа, сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу бойынша қосымша шығындарды көтеру қажет болады. Жыл басынан бері кірістер департаментінің ұйытқы болуымен жалпы облыс бойынша 96  бірлескен рейдтер жүргізілді, нәтижелері бойынша 60 жеке тұлға бойынша 1,8 млн.теңге сомасында берешек өндіріп алынды. «Бүгінгі күні Өскемен қаласы бойынша айыппұл тұрағына 25, Семей қаласында-14 көлік құралы қамалды.

Осыған байланысты, жағымсыз оқиғаларды болдырмау үшін салықты уақтылы төлеуге, сондай-ақ бар қарызды өтеуге шақырамыз» деді ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ержан Ктанов мырза. Бүгінгі таңда қарыздың бар-жоғын  Egov электрондық үкімет порталы, kgd.gov.kz онлайн-режимде, Kaspi.kz, Homebank (Халық банк) қосымшалар арқылы, “Telegram” мессенджеріндегі  ShtrafKZBot ботын іске қосу және бірыңғай байланыс орталығының 1414 тегін телефон нөмірі бойынша білуге болады.