Cоңғы жаңалықтар
Back

“Дядя Вованы” “көмекке шақырған” радио жүргізушіге қарсы тергеу басталды

Алматы қалалық полиция департаменті Ресей президенті Владимир Путингекөмек сұрап қайрылды деген “Еуропа плюс Қазақстан” радиосының бұрынғы жүргізушісі Любовь Панованың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған дейін радио жүргізуші әлеуметтік желілерде Ресейдің Украинаға басып кіруін айыптағандарға қарсы пікірлер жазып, “дядя Вованы” көмекке шақыратынын айтқан.

Қазақстандық интернет қолданушылар Панованың бұл мәлімдемесін Украинаға соғыс ашуға бұйрық берген Ресей президентіне шағымдануы деп балайды.

Любовь Панова істеген “Еуропа плюс Қазақстан” радио станциясы қызметкерінің әлеуметтік желідегі жазбасы радионың саясатын білдірмейтінін айтып, бірақ жүргізушімен еңбек келісімін тоқтатқанын жариялады.

Алматы полициясы бұл іс “Ұлтаралық араздықты қоздыру” бабы бойынша қаралатынын жеткізді.

28 наурызда Қазақстанның бас прокуратурасы “ұлтаралық араздықты қоздыру”, “басқа өлкенің аймағындағы соғыс әрекеттеріне қатысты үндеу жасау”, “ондай жанжалдарға қатысу” және “Қазақстанның аймақтық тұтастығын бұзуға шақыру” бойынша қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертті.