«Шойгуға звандап – ала алмадық». Соғыстан қолы тимей жатыр ма, әлде?..

Dalanews 26 нау. 2022 05:36 268

Белгілі журналист Ержан Әбдіраман өзінің Фейсбукатағы парақшасында Ресей мен Укриана арасындағы соғысқа қатысты соңғы уақыттағы үш ақпаратымен бөлісті, – деп хабарлайды Dalanews.kz

Бірінші. Соңғы уақыттар Путинге ең жақын 5-6 адамның қатарында саналатын Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың екі аптадан бері көрінбеуін сарапшылар сан саққа жорып жатыр. «Агентство» сайты биліктегі дереккөзге сүйеніп оның жүрегі ауырып жатқанын хабарлады. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігі 12 күннен бері Шойгуға звандап ала алмай жатырмыз деп мәлімдеді.

Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің видеоконференция форматында өткен соңғы отырысы күдікті күшейте түсті. Экранда Шойгудың видеосы түсініксіз жыпылықтап кетті. Әрі оның киімі де бұрынғыға ұқсас боп шықты.


Осыған байланысты, Украинадағы соғыстың сәтсіз жүруіне басты кінәлі немесе әскери төңкеріс жасауы мүмкін адам ретінде Путин өзінің ең жақын серігін оқшаулап қойды деген жорамал айтыла бастады.

Екінші. Ресейлік ОМОН-ның 12 қызметкері Украинаға барудан бас тартты. Олар: «Біздің шетелдік паспортымыз жоқ, сондықтан өзге елдің территориясына өтуіміз заңға қайшы» депті. Нәтижесінде капитан Фарид Читав бастаған росгвардияшылар жұмыстан қуылған. Енді олар сотқа жүгінбек.

Бұған дейін Ресей полиция бөлімдерінің Украинаға соғысқа жіберілгені туралы бірнеше дерек жарияланған болатын. Мысалы, шешендердің «қадыровшылар» деп аталатын полкы Россгвардия арқылы Ішкі істер министрлігіне қарайды.

Үшінші. НАТО күштерінің бұрынғы қолбасшысы Уэсли Кларк Ресей Польшаға тактикалық ядролық бомба тастауы мүмкін деген пікір айтты. Путин бұған Украинаға НАТО көмектесіп жатыр деген мәселені желеу етуі мүмкін.


«Ал ядролық соғыстан қорыққан НАТО бұл шабуылға жауап бермей кейін шегінеді» дейді отставкадағы американ генералы.

Бір ай бұрын сарапшылардың көбі Путин Украинаға соғыс ашпайды деген болатын. Ал бүгін «Путин ядролық қару қолданбайды» деп кім сенімді айта алады?

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x