МЕРЕКЕДЕ 100 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Dalanews 21 нау. 2022 12:03 188

Еңбек пен ырыстың, ізгілік пен жақсылықтың, рухани тазару мен үйлесімділіктің бастауына айналған Ұлыстың Ұлы күні – әз Наурыз мерекесі қарсаңында орталық Д.Қонаев көшесінің бойындағы гүлзарларға 100 түп бозарша (туя) ағаш көшеттері отырғызылды. Игі шараға аудан әкімі А.Абдинов, мемлекеттік қызметкерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. 

«Күн мен түннің теңеліп, тіршілік біткеннің жаңадан оянатын Наурыз мерекесінде ағаш отырғызуды ежелден халқымыз игі дәстүрге айналдырған. 



Тал тамырын тереңге жайып қанша жыл тұрса, сонша уақыт жұртқа саясы мен сауабын әкеледі. Міне, бүгін аудан жұртшылығы болып отырғызған ағаш көшеттерін алдағы уақытта көздің қарашығындай сақтап, баптап – күту жүктелген міндеттін бірі екенін естен шығармай, қаламыздың гүлденіп, көркеюіне бірге үлес қосайық.»,-деді аудан әкімі Алмас Абдинов. 

Жалпы, бүгінгі күні ауданға 400 түп жеміс ағаштары мен қарағай көшеттері отырғызылған. 

Шұғылалы көктемнің шуақты күнінде атқарылған игі істің бастамасы алдағы күндері жалғасын табатын болады.

К.Арстан, 


Алакөл ауданы әкімінің баспасөз хатшысы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x