Тоқаев Қапшағай қаласын Дінмұхамед Қонаев атымен атауды қолдайтынын айтты

Dalanews 16 нау. 2022 06:35 297

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жаңадан үш облыс құрылатынын және Алматы облысының орталығы болатын Қапшағай қаласы Дінмұхамед Қонаевтың атауды қолдайтынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алдағы уақытта халық қолдап жатса, Қапшағайдың атауы Дінмұхамед Қонаев деп аталуы мүмкін.

Қапшағай қаласы еліміздің біртуар азаматы Д.Қонаевтың есімімен тығыз байланысты. Егер тұрғындар қалаға Қонаевтың есімін беруді ұсынса, мен мұны қолдаймын. Жергілікті тұрғындар жаппай қолдаса, осы бастамаларды таяу арада жүзеге асыруға болады, – деді Мемлекет басшысы.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x