Орыстар Қазақстан азаматтығын алудың жолын іздеуде - депутат Дүйсембиев

Dalanews 04 нау. 2022 12:45 231

Ресейге салынған санкциялар саны күн санап артқан сайын бұл елдің азаматтары қазақстандық атанып, көк паспорт алудың амал-әрекетін іздей бастаған.

Солай деген мәжіліс депутаты Берік Дүйсембиев қос азаматтығы бар тұрғындардың саны көбейіп кетпей ме деген мәселені парламентте көтерді, деп хабарлайды Dalanews.kz Aibat жаңалықтар қызметіне сілтеп.

“Соңғы оқиғаларға байланысты біздің еліміздің азаматтығына қызығушылық білдірушілер өте жоғары болып тұр. Бейбіт, мамыражай өмір сүріп жатқан елге келуге біздің көршілеріміздің қызығушылығын әлеуметтік желіден көріп отырмыз”, – дейді Берік Дүйсембиев.

Ішкі істер министрлігі елімізде қазірдің өзінде қос елдің азаматы болып жүрген қанша адам барын білмейтін болып шықты. Себебі Ресейге сұрау жібергенде салғырттық танытып, нақты жауап бермейтін көрінеді.

Қазақстандық атанғысы келетін азаматтарға арнайы талап бар.


“Арнайы тексерулер бар. Өз елінің азаматтығынан бірінші шығу керек. Оны дәлелдеу керек. Заңға қайшы келмесе содан кейін барып қана біздің азаматтығымызға мүше бола алады”, – дейді ІІМ орынбасары Марат Қожанов.

https://www.youtube.com/watch?v=-5kESgBzJes

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x